«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Үшқарасу ауылының  негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ушкарасу отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дина күйші туралы

Дина күйші туралы

    Биыл еліміз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толғанын атап өтіп жатыр. Жақында ғана Елордада еңселі ескерткіш орнады. Жер-жерде домбыра мен күй өнерінің бағын асқақтатқан шаралар өтуде.

 

Динаның өмір жолы өте күрделі, тағдыры сынаққа толы. Алла Тағала тұла бойына тылсым өнер дарытқан күйші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында әйел баласының басында кездесетін сан-түрлі қиындықтың бәрін жеңіп шығып, жеке тұлға ретінде өзіне жүктелген аманатты келешек ұрпаққа аман тапсырды деп ойлаймыз. Ол аманат – қазақ күйі, домбыра шанағындағы тылсым дүние болатын.

      Әрине, осы күнге дейін Дина күйші туралы жазылған ақпарат көп-ақ. 1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен Смағұл Көшекбаев Астрахан өлкесіне келіп, 76 жастағы Динаны көндіріп, Алматыға алып кеткен сәтінен бастап күйші халықтың, өнер зерттеушілерінің көз алдында болды. 1938 жылы 23 сәуірде «Социалистическая Алма-Ата» газетінде Динаның Құрманғазы туралы «Ұстаз» деген мақаласы жарық көрсе, Ахмет Жұбанов «күй анасының» өмір жолы мен шығармашылығы туралы бірнеше еңбек жазды. Дина өмірден өткен соң екі жылдан кейін, 1957 жылы «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан» Сәуірбек Бақбергеновтің «Дина» атты кітабы жарық көрді. Кейін де күйшінің замандастары мен ұрпақтары, тарихшы ғалымдар мен өнер зерттеушілері жазған мақалаларда қисап жоқ.

          Дина феномені, оның музыкалық таланты туралы Ахмет Жұбанов, Ғафура Бисенова, Қаршыға Ахмедияров секілді өнертанушы марғасқалар талай-талай мақала жазды. Шынында да тек қазақ ортасында ғана емес, әлемнің озық елдерінде де әйел құқығы оңайлықпен мойындала бермейтін ХІХ ғасырда өнер көгінде өшпес жұлдыз болып жарқыраған Дина Нұрпейісованың тағдыры ерекше-ақ. «Әлемнің ең атақты әйел-музыканттары» деген мақала жазып, Кассия Песнописица, Хильдегарда Бингенская, Фанни Мендельсон, Клара Шуман және Консуэло Веласкестердің қатарына Дина Нұрпейісованы да қосқан автор Лилит Мазикинамен келіспеу қиын. Шынында да Дина – әлемдік тұлға болатын. 

Жаңартылған күні: 07.12.2021 10:32
Құрылған күні: 07.12.2021 10:35

Текст