Текст
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушылардың болашақ кәсіби бағдарларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Бүгін біздің мектептің түлегі, "Қостанай жоғары медициналық колледжі" КМК 22сд(мейірбике ісі) тобының студенті Гүлнара Семенцова 7-9 сыныптарға дәріс өткізіп, таңдаған мамандығы туралы өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар оқушыларға табысты мансап үшін қандай дағдылар мен білім қажет екенін жақсы түсінуге көмектеседі, сонымен қатар олардың әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттырады.