Наурыз-үндестік мейрамы. Наурызда Табиғат-ананың бауырындағы бүкіл тіршілік оянады, жылылық келеді, құстар жылы жақтан ұшып келеді, мал төлдейді, жер бетіне көк шығады. Жер –ана гүлденеді.
Ел арасында «Наурыз» атауы «нәр уыз» деген сөзден шығуы әбден мүмкін. Себебі, уыз-жаңа төлдеген малдың 4-5 тәулікке дейінгі ең маңызды сүті болып табылады.
Елімізде коронавирус індетіне байланысты мерекелік іс-шараларға тыйым салынғандықтан Жарқайың ауданына қарасты Үшқарасу ауылында да Наурыз мерекесі кең ауқымда аталып өтпеді.
Алайда, ауыл әкімі Қуаныш Сатыбалдыұлы Малиевтің бастауымен Ұлыстың ұлы күні ауыл зейнеткерлеріне, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға мерекелік тәтті бәліштер таратылды.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының қатысуымен онлайн концерт ұйымдастырылып, сайтқа жүктелген болатын. Ауыл әкімі Қ.С.Малиев концертте ерекше өз өнерлерімен көзге түскен ауыл тұрғындары: «Журавушка» ансамблі, Ш. Ахметоваға, Д.Феллерге, Г.Сыздықоваға және Наурыз мерекесінде бата берген ауыл ақсақалы Жүсіп Ахметовке өз атынан алғыс білдіріп, ризашылығын айтты.
Үшқарасу ауылы әкімі аппаратының атынан осынау мерекенің ұйымдастырылуына ат салысып, демеуші болған: «Үшқарасу» ЖШС-нің директоры Б.Т.Жусупбековке, «Торал» ЖШС-нің директоры А.А.Ахметовке, «Алтай-1» ш/қ басшысы Т.И.Нуржановқа, «Алтын» ш/қ басшысы Д.Т.Нурушевке, «Байлық» ш/қ басшысы Д.А.Шакировқа, «Венера» ш/қ басшысы А.Б.Габидулинаға, «Каскад» ш/қ басшысы Ф.Г.Шаймардановқа, жеке кәсіпкерлер Г.Г. Жуковқа және А.А.Шакировқа ризашылығын білдіріп, отбасыларына денсаулық, бірлік, береке және табыс тіледі.