Күні: Пәні: қазақ
тілі Сыныбы: 6
Сабақтың
тақырыбы: Астана қаласы.
Сабақтың
мақсаты :
Білімділік: Көмекші есімдер туралы мәлімет беру. Астана қаласы
туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін, білімге деген
құштарлығын ояту. Сабаққа деген белсенділігін, ынтасын дамыту.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік еліміздің жетістіктерін мақтан тұтып,
патриоттық сезім тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, слайд.
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың
түрі: аралас
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезені.
ІІ. Үй
жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа
тақырып. Астана қаласы
ЕРЕЖЕ:
Заттың, нәрсенің
атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын сөздерді КӨМЕКШІ
ЕСІМДЕР дейді.
Көмекші есім
тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, жасырын түрде де
көрінуі мүмкін. Мысалы: үйдің маңы, үй маңы, өзеннің жағасы, өзен жағасы, т.б.
Көмекші есімдер: үсті, алды, жаны, іші, асты, арты, қасы,
сырты.
Сөздік
Тұрғын – житель
Орталық – центр
Ғимарат – здание
Бой көтерді – выстроились
Қасиетті – священный
Танымастай – неузнаваемо
Ұлт өкілдері – представители нации
Болашақ – будущее.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Берілген көмекші есімдерге жатыс септігінің
жалғауларының тиістісін жалғап жазыңдар.
Жауап
үлгісі:
Үсті- үстінде, астында, алдында, артында, жанында,
қасында, ішінде, сыртында, арасында.
2-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқыңдар. Көмекші есімдерді өзі байланысып
тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар.
Астана
Тәуелсіз
Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде
орналасқан.
Аз уақыттың
ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент
үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой
көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің
ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі
салынды.
Астана қаласында
100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана –
болашағы үлкен қала.
4-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып
жазыңдар.
Жауап
үлгісі:
Парламент үйі
қаланың ортасында тұр. Көшенің бойында ағаштар отырғызылған. Әуезжай қаланың
сыртында орналасқан. Мектептің қасында үлкен саябақ бар. Саябақтың ішінде
қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасында жаңа тұрғын үйлер
салынған. Ескерткіштің артында үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алдында әдемі
гүлдер егілген.
Сабақты
қорытындылау: Көмекші есімдер дегеніміз не? Сабақта нені білдік?
Астана туралы не білдіңдер?
Үй
тапсырмасы. 5-тапсырма. Өлеңді жаттап алу.
Бағалау.