Тақырыбы: Мен мектепке барамын |
Мектебі: | |||
Күні, айы: |
Мұғалімнің аты-жөні:
| |||
1-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
| ||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.2.4.1. Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау. 1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру. | |||
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: Өзінің қайда баратынын (мектеп – мектепке, тау – тауға, саябақ – саябаққа айта алады, сондай-ақ сыныпптасынан қайда баратынын сұрай алады. | |||
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып көлеміндегі белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады. | ||||
Кейбір оқушылар: Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. | ||||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар | ||
Сабақтың басы |
(МК) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
| ||
Сабақтың ортасы |
(МК, Ұ) мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Мұғалім тапсырмада берілген сурет бойынша оқушыларға суреттегі балалардың қайда баратынын және МЕКТЕП, ТАУ, САЯБАҚ сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Аталған сөздер БАРАМЫН етістігімен қолданылғанда өзгеріске түсетіні туралы түсінік береді. Мысалы: мектеп – мектепке, тау – тауға, саябақ – саябаққа. (МК, Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар мектеп , тау, саябақ сөздерін қайталайды, есте сақтайды, мұғалім оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөзді (саябақ) дұрыс дыбыстауларына мән береді. (МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушылардың мектеп, тау, саябақ сөздерінің барамын етістігімен қолданылғанда қандай өзгеріске түсетініне (барыс септігінің жалғауымен) аударады. Оқушылар кесте арқылы тауға, мектепке, саябаққа баратынын айта алуды үренеді. (МК,Ж) «Есте сақта!» айдары арқылы мұғалім оқушыларға «Сен тауға (мектепке, саябаққа) барасың ба?» деген сұраққа жауап беру үлгісімен таныстырады. Оқушылар «Иә, барамын», «Жоқ, бармаймын» деген жауап үлгісін үйренеді. Оқушылардың берілген үлгіні жақсы есте сақтауы үшін қайталау, жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Олар бір-біріне сұрақ қойып, өз қалаулары бойынша иә\жоқ деп жауап береді. (ОТ) 4-тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеу үшін оқушылар берілген үлгіні қайталайды. Содан кейін өздері ақ қағазға қайда баратынынның (мектеп, тау, саябақ) суретін салады. Сурет салу барысында мұғалім олардан не салатынын, қайда баратынын жеке-жеке сұрай алады. Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан соң, әрқайсысы өз суретін көрсетіп, тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлейді. Үлгі: мынау – мектеп. Мен мектепке барамын. (МК Ұ) Дәптердегі тасырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. |
Оқулық
қағаз, қарындаштар
№ 2 жұмыс дәптері.
Қосымша тапсырма: 5.1.
| ||
Сабақтың соңы |
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
| ||
Қосымша ақпарат | ||||
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге? 2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
| |||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: 2: |