«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Үшқарасу ауылының  негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ушкарасу отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің бастауым - менің ауылыма" 2019

21.02.2019

20.02.2019 жылы балалар музыка мектебінің акт залында, аудандық білім бөлімі Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, "Менің бастауым-менің ауылыма" 2019 атты балалар әлеуметтік бастамалар конкурсы өткізілді.
📝 Байқаудың мақсаты мен міндеттері келесідей болды:
📍 Балалар бастамаларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешуге жұртшылықтың назарын аудару;
📍 Әр түрлі бағыттар бойынша әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату;
📍 Әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асыруға балалардың ынтасын арттыру және ынталандыру;
🙂 Байқауға орта және негізгі мектептердің 11-ден 18 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Қатысушылар жеке және оқушылар тобымен өз жобаларын қорғады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей орындарға ие болды :
3-орын - Өмірзақ Нұрбол, Түменбаева Мадина (Н.Островский атындағы ОМ) 
3 орын - Чагодаев Ярослав, Қаиржанов Мадияр, Досполов Әли (Н.Крупская атындағы ОМ)
2 орын - Мырзахметова Жанэль (А.Үкібай атындағы ОМ)
2 орын - Сало Екатерина (Отрадное НМ)
1 орын - Хурмет Адиль (Тасөткел НМ)
🏆 Қарасу НМ оқушысы Татьяна Смирнова Бас жүлдеге иеленіп облыстық байқауға жолдама алды 👏🏻👏🏻
🎈Татьянаға "Менің бастауым-менің ауылыма" 2019 облыстық байқауында сәттілік тілейміз 👌🏻
🤝 Қатысушылар грамоталармен марапатталды, сонымен қатар жеңімпаздар Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығы атынан грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды 🎁

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст