Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң,
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
Жүсіпбек Аймауытов
20 ақпан күні, Балалар музыка мектебінің акт залында, аудандық білім бөлімі Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Менің бастауым – менің ауылыма» 2019 атты балалар әлеуметтік бастамалар конкурсы өткізілді. Байқауға орта және негізгі мектептердің 11 – 18 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Сонымен, әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Қарасу негізгі мектебінің оқушысы Смирнова Татьяна, «Не исчезай, село родное!» атты жобасымен, бас жүлдеге иеленіп облыстық байқауға жолдама алды. Сонымен қатар Смирнова Татьяна қазақ тілінен аудандық олимпиадаға қатысып 2-ші орын, «Жарқын болашақ» сайысында «Жазушылар» номинациясында 1-ші орынға ие болды. Жоғарыда айтылған жетістіктер қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бадаева Айсұлу Қайратқызының керемет жетекшілігі мен Татьянаның тапқыр да алғыр оқушы екенінің куәсі.
Татьянаға «Менің бустауым – менің ауылым» 2019 облыстық байқауында сәттілік тілейміз.
Биология пәнінің мұғалімі Досекин А.Б.