Тақырыбы: Ас мәзірі |
Мектебі: |
||||
Күні, айы: |
Мұғалімнің аты-жөні:
|
||||
1-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
|||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдалған матеоиалдың кім/не туралы екенін түсіну. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу. 1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында жіктік/септік жалғауларын қолдану. 1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту. |
||||
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: Тағам түрлерін атай алады, ас мәзірі бойынша қалаған тағамын ала алады. |
||||
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады. |
|||||
Кейбір оқушылар: Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады. |
|||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы |
(МК) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
|
|||
Сабақтың ортасы |
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Ең алдымен жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Олар: СОРПА, БОТҚА, ЕТ, БАУЫРСАҚ, САЛАТ, СУ, ШЫРЫН, СҮТ. Содан кейін үлгіде берілген «Мен шырын аламын» деген сөйлемнің мағынасы түсіндіріледі. Оқушылар АЛАМЫН сөзінің мағынасын 1-сабақ бойынша біледі, сондықтан бірден ШЫРЫН сөзін басқа сөздермен алмастыра қолдануға жаттықтыруға болады. Мысалы: «Мен ботқа аламын», «Мен сүт аламын» т.с.с. (МК,Ұ) 2-тапсырма бойынша оқушылар «Маған беріңізші» деген өтініш үлгісін еске түсіреді. Берілген кесте бойынша НАН, СҮТ, ЕТ, БАУЫРСАҚ сөздерін қолданады. (МК, Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларды сөйлесу үлгісімен таныстырады. Мұғалім оқушылардың назарын «Ас болсын!», «Рақмет» деген ілтипат сөздеріне аударады. Содан кейін оқушылар берілген үлгі бойынша асханадағы сөйлесу үлгісін жүзеге асырады. Үлгі:
(МК,Ұ) 4-тапсырма берілген сөйлесу үлгісін толықтырып айту арқылы оқушылар АЛАМЫН, АЛМАЙМЫН сөздерін қайталайды. Оқушылар ИӘ, ЖОҚ сөздеріне байланысты АЛАМЫН, АЛМАЙМЫН сөзін таңдап қолданады. Мысалы:
(Ж) Оқушылар 4-тапсырмадағы сұрақ бойынша жұппен жұмыс істей алады. Онда бірінші баланың сұрағына (Сен сүт/ботқа аласың ба?) екінші оқушы өз қалауы бойынша жауап бере алады. Сонда бұл шынайы өмірлік жағдаятқа жақын болады. (МК Ұ) Дәптердегі тасырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. |
Оқулық
№ 2 жұмыс дәптері.
Қосымша тапсырма: 7.3.
|
|||
Сабақтың соңы |
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
|
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|
||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: 2: |