«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Үшқарасу ауылының  негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ушкарасу отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

қазақ тілінен 1-сыныпқа "Сәлем! Сенің атың кім?" тақырыбында ҚМЖ.

19.06.2019

Тақырыбы: Сәлем! Сенің атың кім?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету.

1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.                                          1.3.2.1.Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.                                1.5.1.2.Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:                                                                                          Амандасу, танысу үлгілерінің қарапайым түрлерін қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:                                                                                       Сабақта үйренген амандасу, танысу үлгілерін адамның жас ерекшелігіне байланысты орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар:                                                                                                 Амандасу үлгілерінің басқа да түрлерін айта алады, амандасу, танысу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығы.                                     Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

 

Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Оқушылардың назарын екі баланың, содан кейін бала мен үлкен адамның амандасу үлгісіне аудару. Оқушылар «Сәлем!» және «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін тыңдайды, хормен, жеке-жеке қайталайды. Сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.                                                                         (Ж) Оқушылар амандасу үлгілерін сыныптағы оқушылармен және мұғаліммен амандасу арқылы тәжірибеден өткізеді. Сондай-ақ суреттер бойынша әртүрлі жастағы адамдармен амандасу арқылы да амандасу үлгілерін есте сақтауға тырысады.                                             (МК, Ұ) 2-тапсырма. Оқушылар танысу үлгісін тыңдау, қайталау арқылы «Сенің атың кім?» деген сұрақпен және «Менің атым-....   .» деген жауап үлгісімен танысады. Оқушылар сурет бойынша Жұлдыз, Айгүл деген қыз аттары туралы да ақпарат алады. Қыздардың аты жұлдыз, ай, гүл, сөздерімен байланысты екенін түсінеді. (ОТ) Балаларға өз аттарына байланысты сурет салуды ұсыну. Бұл арқылы балалар өз атының қандай мағына беретіні туралы ойланады.                                                                                                  Сергіту сәті.                                                                                        (Ж) 3-тапсырма. Тілдесім әрекеті. Оқушылар тапсырмада  берілген диалог бойынша өзара сөйлеседі. Диалог арқылы амандасу, танысу үлгілерін қайталайды.                                               (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді.                                                                                          (Ө) Қосымша тапсырмалар арқылы оқушылар білімдерін бекітеді. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.                     –Сәлем, менің достарым! Барлығы шеңберге тұрып оң және сол жақтағы көршісімен аттарын атап амандасады. «Мен білемін» ойынын өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

Аудиодиск

1.1.1.;   1.1.2.; 1.1.3.

 

 

 

 

 

 

 

№1 жұмыс дәптері

 

Қосымша

тапсырма:1.1.

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(К) Сабақты қорытындылау мақсатында кері байланыс орнату.  Кімге сабақта түсінікті болды мұғалімнің оң қолы жағына барады, ал түсінбегендер мұғалімнің сол қолы жағына тұрады.

 

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Сабақ туралы ой.

 

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Сабақ барысына өзгертулер енгізген жоқпын, тек қосымша тапсырмаларды пайдаландым.

 

Оқушылар амандасу, қоштасу үлгілерін қолдануға үйренді. Оқушыларда өзінің атын айту, біреудің атын сұрай білу дағдылары қалыптасты.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1: Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды.

2: Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігінін мағынасын түсіндіре алады.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақты одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?                                                                                 1:

2:

 

 

 

 

 

Просмотров: 1105


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст