Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең – кезеңмен көшіруді нақты қолға алу керектігі жөнінде жазған еді. Жалпы адам санасы жыл сайын жаңғырып отырады. Сана мен тіл тұтастықты құрайды, олар бір – бірін толықтырады, тіл – ой мен сананың тікелей болмысы.
27 қарашада 2019 жылы Жарқайың ауданында 8 – 11 сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа табысты қадам» атты ғылыми – практикалық конференция өтті. Біздің Қарасу негізгі мектебінен екі оқушы қатысып, жүлделі орындармен оралды. 9 сынып оқушысы Смирнов Виктор 1 орынға ие болса (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Бадаева Айсұлу Қайратқызы) , 8 сынып оқушысы Маркс Николай 3 орынға (жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Торгайбаев Кайрат Каликанович) ие болды. Осы орайда «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» дегендей қазақ тілін дамыту бағытындағы кешенді жобаларды табандылықпен жүзеге асыра отырып, дәріптеуіміз керек.