Қарасу негізгі мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" Заңын зерделеді. Біздің педагогтар бұл Заңды үлкен ықыласпен қолдады, өйткені бұл олардың әрқайсысына қатысты. Әлеуметтік маңызы бар мәселе бізді толғандырады: жалақыны көтеру, мұғалімнің беделі және басқа да критериялар, олардың көмегімен біздің мұғалімдер үлкен ынтамен жұмыс істейтін болады. Бұл өте маңызды болып табылады.!!! Онда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, оқу жүктемесін қысқарту, қажетсіз тексерулерден қорғау және басқа да шаралар қарастырылған. Аптасына 18 сағаттан 16 сағатқа жүктеме төмендейді. 16 сағат жүктеме өзін-өзі дайындау және өз білімін жетілдіру үшін мүмкіндік береді, мұғалімнің кәсіби өсуі үшін уақытты босатады.
"Педагог мәртебесі туралы" Заң үлкен қуаныш тудырды, өйткені мұғалім мәртебесін көтеру - бұл еліміздің беделін арттыру.