Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаев. Шын аты – Ибраһим. Ойымен саралап, сарыптап жазатын болған. Ұнамды, орынды болуына шыншылдық керек,мағыналы,маңызды болуына білім керек. Осының бәрі ақын Абайдың бойында болатын.
Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы қызметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегенің не екеніне бірнеше рет көңіл аударып, оны тұңғыш аша білді деуге болады. Ол – қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына бірінші көңіл бөлген ақын. Оның кіршіксіз,таза,терең сезіміне үңілді,даналықты,достыққа берік адал сезімді жырлады. Абай кедей ақындардың күңкөріс кәсібіне айналып,бағасы түскен өлең сөзді өз билігіне қойып,оқырманның,тыңдаушының талғамын тәрбиелеуге белсенді араласты. Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір мәселелерін күн тәртібіне қойды. Ол қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын,замандастарының алауыз берекесіздігін,патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зияның қатты сынай отырып,еңбекші елге іш тартты, халықты озық мәдениетке сүйреді. Ол халықтардың оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін,ендігі жерде ел болудың кепілі – дамыған көрші елдермен қарым – қатынас жасауда екенін айтты. Елді сол жолда бірігуге,ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт талабын заманынан оза шауып түсіну – Абай даналығының белгісі. Ол шындықтың ақыны болып туды,солай өмір сүрді.Оның өлеңдерін оқи отырып,одан жалғандық табу қиын. Өлеңдерін қазақтың ұлттық табиғатына тән, шындық мөлдіреп көз алдына келеді.
Ұлы суреткер есебінде Абай оны көркем бейнелеудің жаңа жолын тапты. Оның өлеңдері өзінің қарапайымдылығымен,табиғилығымен көрініп,ойға,сезімге ұялайды.Сондықтан ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады.Абай ақын боп сөз жазып қана отырмаған,өз өлеңіне өзі ән шығарып таратқан. Оның композиторлық шығармашылығы біздің халықта ерекше бағаланады.Қазақ даласында бірінші шырқалған Татьяна тек Пушкинді ғана насихаттап,халыққа таратып қана қойған жоқ,сүйгеніне қосыла алмаған мұнды орыс қызын қазақпен байланыстырды.Абайдың жастайынан көргені,естігені – халық әдебиеті,бай фольклор,жеке ақындар шығармашылығы болды.Жасынан әке ырқымен ел ісіне араласқан Абай сөз сырын жақсы білді,дау ұстағандардың талай сынынан өтті,шешен атанды,төбе білікке де сайланды.