«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Үшқарасу ауылының  негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ушкарасу отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері,алғашқы көмек көрсету»

06.07.2020

 «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері,алғашқы көмек көрсету»

        Жыл маусымының қай-қайсысының да өзіне тән ерекшеліктері болады. Әсіресе, жаз мезгілі келіп, күн жылынған шақта адамдар еңбек демалыстарына шығып, жастың да, кәрінің де су жағасына барып,  балаларымен, достарымен бірге табиғат аясында серуендеуді, құмдауыт жағалауларда күнге қыздырынып, демалып,суға шомылып, ыстық құмға «пісу»,салқын суға шомылғысы келетіні, жанға сондай жайлы екені анық. Әрине, уақытыңды қызықты өткізгенге не жетсін, алайда жаз мезгілінде су атты тілсіз жаудың торына түсіп жатқандар саны көбейеді.Біле білсек, «Су біздің досымыз және қасымыз».Адамдардың суда қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтамауы,жас балаларың суға шомыла білмеуі,мас күйінде суға шомылу орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Қазақстанда орташа есеппен жылына 200-300 адам суға шомылу кезінде қаза табады екен. Статистикаға сүйенетін болсақ, жыл сайын су құрбандарының саны кемімейді, керісінше арту үстінде.Осындай оқиғалар біздің ,яғни БҚО-да да орын алып отыр. Өткен 2016 жылдың санақ көрсеткіші бойынша Орал қаласының суға шомылатын жерлерінде, жедел құтқару жасағымен күзетілмейтін су айдындарында, түрлі үлкенді-кішілі өзен-көлдерге  303 адамның батқаны, соның ішінде 124 кішкентай балалардың шомыламыз деп қаза тапқаны анықталды. Бұл қазалар, көбінесе, тиым салынған жерлерде шомылу және кішкентай балаларды үлкендердің қадағаламауы себебінен болып отыр, сонымен қатар, сол жылы 55 адам қауіпсіздік ережелерін сақтамау себебінен құрбан болған.                                                     

            Күн қызбаса да,биыл Орал облысы көлемінде суға кету бойынша 4 жағдай тіркеліп отыр.                                                                                                                             Өкінішке қарай,барлық жағдайлар өліммен аяқталған,оның ішінде 3-ін балалар құрап отыр.

            Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында  қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында ,Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен Жайық өзені бойында рейд жүргізу және барлық су айдындарының жағасын аралау секілді профилактикалық іс-шаралар кешені күн сайын жүргізілуде.Осындай профилактикалық іс-шаралардың бірімен біріміз білсек,біріміз білмейтін осы Орал қаласындағы «Водник» аялдамысы бойындағы «Жедел судан құтқару жасағы»жұмыс жасауда.Бұл «Жедел-құтқару жасағының»негізгі міндеттері осы аймақта орын алатын түрлі төтенше жағдайларды,соның ішінде суға батуларды болғызбай,күннің ыстық-суығына қарамастан,тәуліктің кез-келген уақытында барлық қатерге ұшыраған адамдарға көмек көрсету болып табылады.Алайда,жүргізіліп жатырған профилактикалық іс-шараларға қарамастан,адамдар судағы қауіпсіздік шараларын елемеуде.Игілікті маман иелері-құтқарушылар Жайық өзенінде рейд жүргізу кезінде бес баланың өмірін арашалап алды.Құтқарушылардың белгіден асып жүзуге болмайтындығы туралы ауызша ескертулеріне қарамастан,олар суда орнатылған белгіден асып жүзуді жалғастыра берді.Бір мезетте алаңғасар балалар шаршағанын сезіп,көмекке шақыра бастайды.Жасақ құтқарушылары таяу болуының арқасында батып жатқан балаларды судан шығарып алды.Барлық құтқарылған адамдар судағы қауіпсіздік шараларын бұзғандығын атап өту қажет.Сондықтан құтқарушылар зардап шеккендермен сұхбат жүргізді,бұл оқиғалар өңірдің өзге адамдары үшін судағы қауіпсіздік шараларын елемеу өміріне қауіпті екеніне ескерту болады деп сенеміз. Құтқарушылар жаздың ерекше уақыт екенін біледі,бұл бір секунд көзден таса қалмайтын сәт,шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі сол құтқарушыларға байланысты.Осы бір адам шошытар статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн?

           Осыған орай, суда демалуды қалайтын  жерлестерімізге бірнеше кеңес берейік.                          -Еш уақытта адам баласына үлкен толқынмен келе жатқан суға қарсы шығуына және мас күйінде суға түсуге болмайтынын,ешқашан тау өзендеріне шомылуға болмайтынын ескертеміз.Отбасыларымен демалушыларға ескерту,үлкен адамның рұқсатынсыз және олардың көмегінсіз балаларыңызды суға шомылдыруға қатаң тиым салынады!

      Суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

   -Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз(алдын-ала жағажай түбі тексерілген жерлерде және төтенше жағдай кезінде көмекке келетін адам бар жерде).

   - Шомылатын орынға тиым салынбағанын тексеріңіз.

   -Шомылатын орынның тереңдігін біліп алыңыз;

   -Тамақтанып болғаннан соң бірден суға беттемеңіз;

   -Су ішінде алысып ойнамаңыз;

   -Еш уақытта қараңғы уақытта,сондай-ақ,масайған күйінде шомылмаңыз.

   -Егер жалғыз шомылсаңыз,жақсылап ой таразысына салыңыз,төтенше жағдай бола қалса,сізге кім көмектесетінін ойлаңыз. 

   - Судағы төтенше жағдайдың басты себептері:азаматтардың құтқарушылар күзетпейтін су айдындарында демалуынан,шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан ,судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен әрі ұстанбауынан,ішімдік ішіп алып шомылуынан ,жүзе білмеуінен,балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.

  - Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ – қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз;

 -Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз;

  -Шомылу кезінде судың суық болмауын байқаңыз, себебі, суық суда тоңудың әсерінен өлім саны көп болады. Суық суға түскен адам 10 – 30 минутта суық өтіп қайтыс болады. Организмнің тез салқындауы ашыққан кезде, тым тойынған кезде, шаршаған кезде және адамның мас күйінде болады. Тұщы суда адам 1 – 3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады.  

  -Ерекше көңілді балаларға бөліңіз,үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз,шомылу білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.

Суға бату-суға батқан адамдардың демалу жолдарына сұйықтықтың толып қалуының нәтижесінде демалу бұзылып,тұншығудың болуы.Зардап шеккен адамның терісі бозарады,беті мен ерні қарайып кетеді,дем алмайды,тамыр соғуы                өте әлсіз болып(немесе мүлдем болмайды),аузы мен мұрын қуыстарында көпіршіктер ағды.

   Суға батудың өзі боз,көк,шынайы болады.Соның ішінде боз суға бату өте суық кездеседі.Көк суға бату(шынайы) осы біздің өңірімізде де,қарапайым өзен суларында,көлдерде және т.б. байқалады.Орал қаласында көк суға бату көбіне Жайық өзені жағасында кездеседі.

 Бұл кезде зардап шеккенді қараусыз қалдыруға болмайды.Кез-келген  сәтте жүрегі тоқтап қалуы немесе бас миының және өкпесінің ісінуі өршіп кетуі мүмкін.

   Суға батушының қорқынышы-құтқарушы үшін үлкен қауіп төндіреді.Зардап шеккен адамға көмек көрсетерде өз қауіпсіздігіңізді естен шығармаңыз.Сабыр сақтап,егер суға кетуші су бетінде болса,онда оны артқы жағынан ұстау қажет.Ал суға кетсе судың астынан іздеп,шашынан не қолынан тартып,су бетіне шығару керек.Өзіңіз не айналадағылардан  «Жедел жәрдем»,яғни «103-ті» шақыртыңыз.Алғашқы медициналық көмекті 4-5 минут ішінде көрсетіп үлгеру керек.Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсету мүмкіндігінше тездетіп оттегі жеткіліксіздігін қалпына келтіруден тұрады.

    Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек

1.Зардап шегушіні судан алып шығу.

 

 2.Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше  тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар. Бірден судың бетінде алдын – ала дайындалған көмекші затпен өкпенің жасанды вентиляциясы. Қайықта және жағада ауа өткізуші заттарды, ауыз – мұрын маскасын немесе Рубен қабын қолданады.

 

   3.қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын  судан босатуға  кірісу.

 

  4.Қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қолыңызда бар орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір затпен ашу керек.                                                      5. Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.                                                                                6. Нағыз суға батқанда зардап шеккен адамды ішімен көмек көрсетіп жатқан адамның бүгілген аяғының санына жатқызады және 10-15 сек бойы қолмен кеуде клеткасының бүйір беттеріне күшті, біріне –бірі бағытталған қозғалыстар жасап тыныс жолдарын судан босатады.

.

     7. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан  - мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек.

 

 8.Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.

                                                                                                                                         

9.Жақын жердегі медициналық мекемеге апару қажет.

Қорытынды! Сонымен «Су-тілсіз жау»екені барлығымызға мәлім. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау болып табылады.Егер,әрқайсысыңыз осы айтылған барлық қауіпсіздік шаралары мен ережелерін  қатаң сақтайтын болсаңыз,өздеріңізді,барлық жақындарыңыз бен достарыңызды қауіп-қатерден аман алып қала аласыз. «Өз өмірің өз қолыңда» екенін ешқашан естен шығармаңыз!Өңір адамдарына,сонымен қатар барлық адамдарға айтарымыз: оқиғалардан қорытынды шығарасыз деген ойдамыз.   

Просмотров: 884


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст