Текст
☝️Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
✅Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:
📍eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген);
📍жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).
Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.