Көңілді мереке – Жаңа жыл. Ол әр үйге келеді. Ауыл тұрғындары кафеге жақындаған сайын көздері
қуанышпен жарқырайды, оларды сұлу шыршасымен және ертегі фигураларымен ертегі
қалашығы күтіп тұрды. Мұнда кетіп бара жатқан жылдың символы сымбатты Әтеш,
оның орнына келген ит Барбос және Аяз Ата мен Ақшақар болды. Осылардың бәрі
Калшабеков М.К., Досекин А.Б., Арыстанбеков А.Т., Ахмедьянова Р.,Дандыбаева А.,
студеттер мен оқушылардың басшылығымен істелінді. Алғаш рет ұмытылған «Көгілдір
жалын» 31 желтоқсан күні бір шеңберге достар мен әріптестерді жинады. Бірінен
бірі ауыл тұрғындары кафеге жүректі жылытатын алғыс сөздерімен кірді. Осы
таңғажайып мерекенің ұйымдастырушыларына қаншама жылы сөздер айтылды, барлығы
сәтті болсын деп қанша жан салынды – олар Нұрқанова Рәбиға Сәлімжанқызы – ауыл
әкімі, Жусупбеков Бауыржан Танатарұлы – «Үшқарасу» ЖШС директоры, мектеп ұжымы,
«Үшқарасу» ЖШС жұмыскерлері және ауыл жастары. Барлық жиналғандарды жылытып
билеттірген «Көгілдір жалынның» жүргізушісі – Адельшина А.Р. – ауыл
кітапханашысы. Жиналғандар айтылған тілектер, әндер, түрлі сайыстар
өткізілген мерекенің қандай тамаша және
ұмытылмас екеніне таң қалды. Салтанатты түрде үздік костюмдер аталып
марапатталды. Бірінші орын «Қыс» - Аблаева Р., екі екінші орын – «Пупсики» -
Сулейменова Б., Нурушева Ж. Аяз Ата Коман П. және Ақшақар Золотухина Г. ең
сырбаз ерді – Ткаченко В., ең ұзын қиғаш
шашты сұлуды – Сейтжанова А.Е., ең стильді – Медведева Г., жыл дауысы –
Третинников А. бағалады. Барлығын өзінің биімен таң қалдырған – Колесников М. Ешкімнің
кеткісі келмеді, өйткені тұрғындарды бұрынғы ұмытылған энергиямен, жарық
махаббатымен, мейірім, жылу, үлкен бақыт қуаныш, керемет және сиқырымен
жандырды. Өзіне, от жалынына ауыл тұрғындарын тарта беріп, бұл жалын жанып тұра
берсін. Бәрін жинап алған, ұйымдастыра және Жаңа жылдың ғажайыптарына сендіре
білген демеушілерге «Үшқарасу» ЖШС – Жусупбеков Б.Т., ауыл шаруашылығының
басшылары - Шаймарданов Ф., Ғабдуллина А., АхметбековС., Ахметов А., ЖК
жетекшілері - Дандыбаев С., Арыстанбеков Ш., Жукова Г., ӘКК «Нуруш-Бастау» -
Нурушев Д. алғысымыз шексіз.
Кисельникова Л.А.
ауыл зейнеткері