Тақырыбы: Мектепте |
Мектебі: |
|||
Күні, айы: |
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|||
1-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.2.1. Күнделікті қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар\суреттер\сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен жіктік\септік жалғауларын ауызша тілде қолдану. |
|||
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: Сен мектепте не істейсің? деген сұрақты түсінеді, берілген үлгі бойынша жауап бере алады. |
|||
Оқушылардың басым бөлігі: Сөйлеу барысында жітік жалғауын дұрыс қолдана алады, сұрақ қоя алады. |
||||
Кейбір оқушылар: Мектепте не істейтіні туралы ақпаратты өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. |
||||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы (2-5минут) |
(МК) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
|
||
Сабақтың ортасы (6-10 минут) |
(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын оқимын, жазамын, тыңдаймын, сөйлеймін сөздеріне аударады. Осы сөздерді хормен, топпен айтқызып жаттықтырады. Содан кейін тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс бастайды. Оқушылар Сен мкһектепте не істейсің? сұрағымен және жауаптарымен танысады. Диалогті тыңдайды, қайталайды. Сыныптағы оқушылар берілген үлгі бойынша сыныпта не істейтіндерін айтады. (МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқимын сөзінің қолданылу ерекшелігіне назар аударады, салыстыра отырып үлгілер бойынша есте сақтауға жағдай жасайды. Оқушылар «Мен бірінші сыныпта оқимын», «Мен мектепте кітап оқимын», деген сөйлемдерді қайталау арқылы есте сақтайды, бірінші сыныпта оқимын, кітап оқимын тіркестерін бірнеше рет қайталау арқылы жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суреттер бойынша жұмыс істейді. Оқушылар аудиодискіден бірінші сөйлемді тыңдайды, содан кейін сол сөйлемге сәйкес келетін суретті табады. Мысалы: Мен мектепте кітап оқимын (4сөйлем). Осылай 4 сөйлем бойынша жұмыс жүргізіледі. (Ж) 3-тапсырманы орындаған кезде оқушылар Сен мектепте не істейсің? сұрағына өз бетінше жауап беруге тырысады, сыныптастарының жауаптарын тыңдайды. (Ж) 4-тапсырмада оқушылар алдымен диалогті тыңдайды, сонан соң жұппен жұмыс істейді. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы сабақтарда өткен сұрақ үлгілерін еске түсіріп, жауап беруге жаттығады. Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады. Мысалы: Сен неше жастасың? Мен ... жастамын. Сен нешінші сыныпта оқисың? Мен ... сыныпта оқимын. Сен мектепте не істейсің? Мен мектепте ... . (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. |
Оқулық
Аудиодиск: 2.6.1.; 2.6.4.
№ 1 жұмыс дәптері.
Қосымша тапсырма: 2.6.
|
||
Сабақтың соңы (41-45 минут) |
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
|
|||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: 2: |
||||