НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Маска режимінің сақталуын кім қадағалайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"ҚР Кодексінде анықталған. Жеке тұлғаларға (азаматтарға) қатысты карантиндік шараларды сақтамағаны үшін (әлеуметтік қашықтық, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперделерсіз болу және т.б.) әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін дәлелді базаны жинаумен ішкі істер органдары және мониторингтік топтар құрамындағы жергілікті полиция қызметі айналысады, кейіннен олар ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін материалдарды ТКҚСҚБК-нің аумақтық бөлімшелеріне береді. Өз кезегінде, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың карантиндік іс-шараларды жүзеге асыруы кезінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары, бостандықтары, заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды прокуратура органдары қамтамасыз ететін болады", - делінген Telegram-арна жариялаған Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндірмесінде coronavirus2020.kz.