Тақырыбы: Үй жануарлары |
Мектебі: |
|||
Күні, айы: |
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|||
1-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою. 1.5.1.4. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану. |
|||
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: Үй жануарларын атай алады, олардың санын айта алады. |
|||
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша сөйлесе алады, үй жануарларына қатысты сұрақты дұрыс қоя алады. |
||||
Кейбір оқушылар: Үй жануарлары туралы қосымша мәлімет біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. |
||||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
(МК) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
|
||
Сабақтың ортасы |
(МК, Ұ) мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлемдерге аударады. Осы үлгі арқылы оқушылар үй жануарларын атай алуға үйренеді, мысалы, Мынау – түйе. Мынау жылқы. Мынау – қой. Мынау – ешкі. Мынау – сиыр. Оқушылармен суреттер бойынша сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. (МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қолданып сұраулы сөйлемді қалай айту керек екенін үйретеді. Оқушылар Мынау сиыр ма? Мынау жылқы ма? Мынау қой ма? Мынау түйе ме? Мынау ешкі ме? Деп айтып жаттығады. Мұғалім бұл сұрақтарға Иә немесе Жоқ деп жауап беру керек екенін еске салады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларды үлгі бойынша сөйлесуге үйретеді. Оқушылар «Иә, бұл – сиыр», «Жоқ, бұл сиыр емес» деп жауап бере алуға үйренеді. (МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар Неше? сұрағына жауап беруге жаттығады, сандарды қайталайды. Алдымен мұғалім оқушылардың назарын 1-ден 10-ға дейінгі сандарға аударады. Содан кейін оқушылар неше үй жануары бар екенін айтады. (МК, Ұ) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Мынау қой ма? Неше қой?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу дағдыларын жетілдіре түседі. (МК Ұ) Дәптердегі тасырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. |
Оқулық
А4 форматты ақ қағаз, қарындаштар.
№ 1 жұмыс дәптері.
Қосымша тапсырма: 4.1.
|
||
Сабақтың соңы |
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
|
|||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: 2: |
||||