Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.
Біздің еліміздің ең маңызды мерекелердің бірі – ҚР тұңғыш Президент күні. Мереке қарсаңында 2017 ж. 30 қарашада ТЖ директор орынбасары
Калшабеков М.К. мен биология пәнінің мұғалімі Досекин А.Б. Қарасу НМ 9 сынып оқушылары арасында «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты ұлт көшбасшысы, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жайлы білімдерін кеңейту болды.Сонымен қатар қонақтар да шақырылды. Олармерекемен шын жүректен құттықтап, сәттілік және еліміздің өркендеуін тіледі.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар президентіміздің өмірбаяны,оның хоббиі, 25 жыл бойы істеген жұмысы жайлы таныстырды. Бізідң еліміз қалай өзгергені,
көптеген қалалардың өзгергені және өскені көрсетілді. Соңында, білімдерін бекіту үшін, Қазақстан, президенттің өмірі мен қызметі жайлы мини-викторина өткізілді.
Бадаева А.Қ.