“Солнышко” лагері
Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.
Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Солнышко» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарады:
- Салауатты өмір салтына баулу;
- Эстетикалық тәрбие;
- Азаматтық - патриоттық және ұлттық тәрбие;
- Спорттық шаралар.
«Солнышко» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалып жатыр.
Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс-шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. «Ұлттық ойындар», «Табиғат аясына саяхатқа шығу», «Құпия қазына іздеу», «Лагерь аруы», «Жігіт сұлтаны», «Нептун күні», «1001 мақал, 101 жұмбақ», «Көңілді старт», «Табиғат асында сурет салу» т.б. демалушыларды өте қызықтырды.