«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Үшқарасу ауылының  негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ушкарасу отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.01.2017

Ұстаз – ұлағатты есім

Бычихин Сергей Сергейұлы Қарасу НМ 19жыл 4 ай дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Үлкен талпыныс, өз пәнін жақсы білу, балаларға және өз ісіне деген махаббат, еңбекқорлық, жұмысына

шығармашылықпен келу, өз өзін жетілдіруге ұмтылыс, сөзбен және іспен көмектесуге әзірлік – осы Бычихин Сергей Сергеевич ті сипаттайды.

«Сабақта және сабақтан тыс танымдық қызметтерді ұйымдастыру, оқушыларды дене шынықтыру және спорт сабақтарына баулу» -    мұғалім жұмыс істейтін әдістемелік тақырып. Мұғалім  сабақтарда біркелкілікті болдырмайды. Ол барлық ағзаға тұтас әсер ететін жаттығуларды іріктейді: жүру, жүгіру, велосипедпен жүру, шаңғы, коньки және оларды балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы күш күш салу жаттығуларымен үйлестіреді.

Дене шынықтырусабақтарын ережелер бойынша құрайды: қарапайымнан – күрделіге, жеңілден  – қиынға, белгісізден – белгіліге.

Тұрақты денсаулыққа кепіл беретін шамаларға дейін оқушылардың дене және психикалық қалпының деңгейін арттыру – осы Сергей Сергеевичтің сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда қоятын мақсаттары.

Адамгершілік қағидаттарына негізделген салауатты өмір салтын, тұлғаның жан жақты дамуын бағамдайтын оқытудың жаңа технологиялары мұғалім үшін басым. 

Сергей Сергеевич балаларға әр түрлі спорт түрлеріне сүйгіштікті, өзінің денсаулығына ұқыпты қарауды дарытады.

Мұғалімнің тәрбиеленушілері– ауданның спорттық өмірінің белсенді қатысушылары.

Жылсайын жарыстарға қатысып, олар жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.

            2010 жыл   -  аудан бойынша волейболдан 1-ші орын

            2011 жыл - аудан бойынша волейболдан 1-ші орын

             2013 жыл – «Жастар – 2013» аудан спартакиадасының бағдарламасы бойынша 3-ші орын.

            2014 жыл – ауданда футзалдан 3-ші орын

            2015 жыл – «Жастар – 2015» аудан спартакиадасының бағдарламасы бойынша футзалдан 2-ші орын.

            2015 год – «Жастар – 2015» аудан спартакиадасының бағдарламасы бойынша хоккейден 2-ші орын.

            2016 год – «Жастар – 2016» аудан спартакиадасының бағдарламасы бойынша футзалдан 2-ші орын.

            2016 год –  «Жастар – 2016» аудан спартакиадасының бағдарламасы бойынша дойбыдан 2-ші орын.

Сергей Сергейұлы аудандық және облыстық жарыстарына президенттік көпсайысы бойынша белсенді қатысты. Бірнеше рет аудан құрамасына хоккей бойынша шайбамен облыс жарыстарына қатысу үшін

шақырылды.

2012 жылы аудан деңгейінде жұмыс тәжірибесі қорытылды. 2016 ж. аттестатталушы дене шынықтыру және АӘД пәндерінің мұғалімдері арасында озық педагогикалық тәжірибеден аудан сайысына қатысты,

8-ші сыныпта «Допты қабылдау мен беру» тақырыпта ашық сабақ және «Үміт мәресі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Сабақтарда сауықтандыру, мінезді және ерік күшін шынықтыру, зиян әдеттерді жою бойынша бағдарламаны еңгізеді.

Көп жылдар бойы Сергей Сергеевичтің тәрбиеленушілері жоғары нәтижелерге қол жеткізіп облыстық және аймақтық жарыстарда аудан  абыройын қорғады.

Сергей Сергеевич  сыныптан тыс уақытта мақсатты түрде оқушылармен айналысады: волейбол, футбол, хоккей бойынша секциялар өткізеді.

Сыныптан тыс іс-шаралар мазмұны бойынша әрдайым ерекше:

«Денсаулық мейрамы», жыл сайынғы «Денсаулық фестивалі», «үміт старттары», велосипед, волейбол, шорт-трек, футбол бойынша мектеп алды.

Әр түрлі спорттық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады: мектеп және ауыл құрамалары, көршілес ауыл құрамалары арасында футбол мен хоккей бойынша жолдастық кездесулер өткізеді. Жарыстарға

қатысу, ұжымдық кездесулерді өткізу оқушыларда жолдастық және бір-біріне қиын сәтте қол ұшын тигізу сезімін тәрбиелейді.

Сергей Сергеевич балаларды жақсы ойлауға, ағзаның демалысы ретінде денеге жүктемені сүйгіштікке үйретеді, өз денесін басқара білуге, қозғала білуге, қиындықтарды еңсеруге үйретеді, командалық

рухты дамытады, салауатты өмір салтына шақырады.

Сабақтарды, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу барысында мұғалім жұмысының басты мақсаты байқалады – спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізу, қиындықтардан өту, өзін жүзеге асыруға қабілетін дамыту.

Сергей Сергеевич мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ауылдың, ауданның спорттық өмірінде алдыңғы қатардағы орынды алады.

Оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер арасында беделге ие.

 

 

Просмотров: 296

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст