Тақырыбы: Мен жеті жастамын |
Мектебі: | |||
Күні, айы: |
Мұғалімнің аты-жөні:
| |||
1-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
| ||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау). 1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану. | |||
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: Оқушылар сандарды атайды. Мұғалімнің көмегімен өзінің неше жаста екенін айта алады, жіктік жалғауының І жағын қолдана алады. | |||
Оқушылардың басым бөлігі: Берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады. Сөйлеу барысында танысу үлгілерін еркін қолдана алады, жіктік жалғауының қолданысын ажырата алады. | ||||
Кейбір оқушылар: СЕН НЕШЕ ЖАСТАСЫҢ? Сұрағына ауап беріп, өз жасын айтады. Берілген сөйлеу үлгілерін түрлендіріп қолдана алады, өзі туралы толық ақпарат бере алады. | ||||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар | ||
Сабақтың басы (2-5минут) |
(МК) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
| ||
Сабақтың ортасы (6-10 минут) |
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлесу үлгісіне аударады. Тыңдау арқылы оқушылар СЕН НЕШЕ ЖАСТАСЫҢ? Деген сұрақ және жауап беру үлгісімен (МЕН АЛТЫ ЖАСТАМЫН) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде өзінің жасы нешеде екенін айтуға жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар толықтырып айтуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша жастарын айтады. Мысалы: МЕН АЛТЫ (ЖЕТІ, СЕГІЗ, ТОҒЫЗ, ОН) ЖАСТАМЫН. Яғни, біріншіден, оқушылар сандарды айтады, екіншіден, берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады, үшіншіден, СЕН НЕШЕ ЖАСТАСЫҢ? Сұрағына толық жауап беріп, өз жасын айтады. (МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни үш жақта жасын қалай айту керек екенін үйретеді. Мысалы: Мен жеті жастамын. Сен жеті жастасың. Ол жеті жаста. (МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен таныстырады: Ол неше жаста? Осы сұраққа сурет арқылы жауап беруге дағдыландырады. Оқушылардың жауаптары: Ол төрт жаста. Ол бес жаста. Ол екі жаста. Мұғалім оқушылардың назарын ол сөзіне аударады, оқушылар бұл сөздің қызға да, ұлға да байланысты қолданылатынын меңгереді. (Ж) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің (сенің атың кім? Сен неше жастасың?) сұрақтарына жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Содан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Олар бір-бірімен амандасады. Содан кейін бір-бірінен атын, жасын сұрайды. Үлгі: Сәлем! Сәлем! Сенің атың кім? Менің атым - ... . Сенің атың кім? Менің атым - ... . Сен неше жастасың? Мен ... жастамын.Сен неше жастасың? Мен жеті жастамын. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. |
Оқулық
Аудиодиск: 2.4.1.; 2.4.4.
Сандар жазылған карточкалар.
№ 1 жұмыс дәптері.
Қосымша тапсырма: 2.4.
| ||
Сабақтың соңы (41-45 минут) |
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
| ||
Қосымша ақпарат | ||||
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге? 2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
| |||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: 2: | ||||