Текст
2020 жылдың тоғызыншы қыркүйек айында Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған жоспарға сай, Қарасу негізгі мектебінің 5 сынып оқушыларымен «Дана Абай туралы не білеміз?» атты сайыс өткізілді. Бұл сайыстың мақсаты викториналық сұрақтар, ребус және кроссворд шешу арқылы оқушыларға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстыру.
Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алуды үйрету болып табылады.