Соңғы уақытта балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстардың жиілеп кетуіне байланысты мемлекет осы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату мәселесін көтерді. Мемлекет басшысы балаларға қарсы қылмыс жасағаны үшін жазаны күшейту туралы тікелей тапсырма берді. Заңның жаңа нормаларына сәйкес, ауырлығы орташа санатқа жататын қылмыстардан зорлық-зомбылық ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. Сондай-ақ, өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында ҚР Президенті жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да жеке адамға, әсіресе балаларға қарсы ауыр қылмыстар үшін жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырғанын еске саламыз. 14 жасқа толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. ,