13.12.2020
«Абай» клубы – әдеби-танымдық клубы
Қарасу негізгі мектебінде «Абай» клубы – әдеби-танымдық клубы жұмыс жасауда. «Абай» клубына шығармашылықпен айналысатын, сөз өнерін бағалайтын абайтанушы жастар қабылданды. Клуб кеңесіне қазақ тілі мен әдебиеті, музыка мамандары кірді. Клуб жұмысы Клуб кеңесінің басшылығымен іске асуда.
Мақсаты:
- Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын, рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
• Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру:
• Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып,оны сөздіксіз аудару деңгейіне жеткізу;
• Абай мұрасын оқып үйрене отырып, алған білім мен дағдыларын әртүрлі жағдаяттар мен сайыстарда қолдана алуға тәрбиелеу;
• пікір сайыстар, көрсетілімдер, клуб мүшелігіне қабылдау, кездесулер өткізу болып табылады.