«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Үшқарасу ауылының  негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ушкарасу отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау туралы

01.11.2019

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнабайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2019 жылдың 1 шілде айына дейін  Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты мерейтойының дайындығы және өткізілуі жөніндегі мемлекеттік комиссиясын құру туралы қаулы етті».

      Абай атындағы «Жидебай -Бөрілі» мемлекеттік тарихи -мәдени және әдеби- мемориалдық қорық -мұражайын кешенді жаңғырту бойынша қажетті іс шаралар қабылданады.

      2020 жылы Нұр -Сұлтан қаласында халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтеді.

     Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының туындыларын шет тілдерге сапалы аудару сияқты шараларды іске асыруды тапсырды.

     Абай құндылықтары - баға жетпес мұра. Өз кезінде ұлы ақын 170 жуық еңбектерін жазып, елуден астам аударма жасаған. Абай шығармашылығы арқасында қазақ поэзиясында өлең жолдарының жаңа түрлері пайда болды. Абай өз кезінде  қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы ғана емес, сондай –ақ, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Қазіргі таңда Абай туындылары дүниетанымдық тереңдігімен, саяси- әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абай шығармашылығы еліміз бойынша көптеген жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына енгізілген.

 

Просмотров: 345

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст