«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  Үшқарасу ауылының  негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Ушкарасу отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.12.2017

«Әбіш оқулары»

Ауданымызда жыл сайын қазақ тілі мен әдебиетінен түрлі сайыстар өткізіледі. Биыл 13 желтоқсан күні Державин қаласында А.Үкібаев

атындағы орта мектебінде бірінші рет «Әбіш оқулары» атты сайыс болды.  Айтылмыш сайыс қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі, қызметі және шығармашылығына арналды. 4 номинация бойынша өткізілген

сайысқа ауыл және аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Сол оқушылардың арасында Қарасу негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Смирнова Татьяна қатысып, «Әбіш Кекілбаевтың шығармалары»  зерделеу жоба байқауы номинациясы бойынша І орынға ие болды.  Жобаны жазу барысында тәжірибелік жұмыс жүргізілді.

Тәжірибелік бөлімінде Қарасу НМ оқушылары арасында «Әбіш Кекілбаев шығармашылығы» атты дөңгелек үстел өткізіліп, тест жүргізілді. Жобаны дайындау барысында қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Бадаева Айсұлу Қайратқызы үлкен көмек көрсетті.

Қарасу НМ педагогикалық ұжымының атынан біздің жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, оларға үлкен табыс тілейміз.

 

Бастауыш сыныптарының мұғалімі

Бадаева Т.К.

Просмотров: 322

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст