ТІЛ
ДАРЫН
Мемлекеттік
тіл – қазақ тілі. Ол тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп
қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолдану
аясын кеңейту мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр,
қазақ тілін меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда. Сондай
іс-шаралардың бірі 2017 ж. 30 қазанында Ақмола облысының Көкшетау
қаласында өткен «Тіл дарын» байқауы. Аталмыш байқау «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілді. Байқауды ұйымдастырушы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс
жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» КММ
болды.
Шығармашылық байқаудың негізгі мақсаты - өзге ұлт
өкілдері оқушыларының мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне ықпал
жасап, зерттеу және
оқу - танымдық қызметін ынталандыру еді. Байқауға облысымыздың барлық аудандарының 2-11 сынып оқушыларының өзге ұлт өкілдері, соның ішінді Жарқайың ауданы Кен
НМ 3-сынып оқушысы Втюрин Богдан, Н.Крупская атындағы 4-сынып оқушысы Ложкина
Дарья, Қарасу НМ 7-сынып оқушысы Смирнов Виктор, Гастелло ОМ 6-сынып оқушысы
Худайбергенова Фирая мен 10-сынып оқушысы Балуева Екатерина және Островский ОМ
10-сынып оқушысы Головченко Даниил қатысты. Шығармашылық байқаудың жеңімпаздары әр
секция бойынша жас ерекшелігіне қарай анықталды. Соның ішінде «Менің шежірем»
секциясында Ложкина Дарья І, Втюрин Богдан ІІІ орындарға ие болды. Ал
«Мемлекеттік тілдің мәртебесі» секциясы бойынша Смирнов Виктор І, Головченко
Даниил ІІІ орындарға ие болды. Байқаудың нәтижесі бойынша І орын жеңімпаздары –
110 000 теңге, ал ІІІ орын – 70 000 теңге сертификаттарымен
марапатталды. Балуева Екатерина мен
Худайбергенова Фирая қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.