Астана
– главный город.
Сабақтың
тақырыбы:Астана – бас қала.
Сабақтың
мақсаты :
Білімділік:Астанаға саяхат жасап, таныстыру.
Дамытушылық:Сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін, білімге деген құштарлығын
ояту.Сабаққа деген белсенділігін, ынтасын дамыту.
Тәрбиелік:Тәуелсіздік еліміздің жетістіктерін мақтан тұтып,
патриоттық сезім
тәрбиелеу.
Көрнекілік:суреттер
Сабақтың
әдісі: Ой толғаныс
қозғау, қызығушылықты ояту әдісі.
Сабақтың
түрі. Саяхат.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру кезені.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырып. Қызығушылығын ояту.
1-тапсырма: Берілген мәтінді оқып, Астана тарихы туралы әңгімелеу.
Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
2-тапсырма: Сөйлемдердегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Жауап үлгісі:
Астана –
Қазақстан Республикасының астанасы. Қала Есіл өзенінің оңтүстік жағасында жазық
жерде орналасқан. Ақмола атауы 8-9 ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке
байланысты туған. Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланған. Алғашында Ақмола
әскери бекініс болған.
1914 жылдары
қалада үш кірпіш, төрт май өңдеу, екі тері илеу, екі сабын қайнату, екі тон
тігу, бір сыра қайнату зауыттары, қасапхана, жиырма шеберхана жұмыс істеді.
1997 жылы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстанның
астанасы болып жарияланды. 1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып
өзгертілді.
3-тапсырма: Сұрақтар бойынша диалог құрау.
Сұрақтар:
1.
Астанада болып
көрдіңдер ма?
2.
Астана туралы не
білесіңдер?
3.
Астананың табиғаты
қандай деп ойлайсыңдар?
4.
Астананың зәулім
үйлері көп пе?
- Бүкіл әлемге жар салып
жатқан Азия елдерінің ішіндегі
жас астананы атаңыз. Неге оны ең жас
астана деп санайды? Ол қалай әлемге жар салып жатыр?
1.Астана арман қала .
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жас болып
Мен үлкен болғанда да.
2.Астана - с тобой рифмуется страна.
Астана- ты Казахстанская столица
А столица по-казахски – Астана.
3.Төкті оған нұрын дала.
Астана сұлу қала.
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
. Сөйлемдердегі
асты сызылған сөздерге сұрақ қойындар.
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана каласы. Бүгінде Астанаың аты әлемге әйгілі. Астана қаласы Солтүстік
Қазақстан аймағында орналасқан. Астана – болашағы үлкен қала. Астанада
әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.
6. -Астана салынып басталғанына неше жыл болды?
-Астананың туған күнін қай күні тойлайды?
-6 шілде күні тағда кімнің туған күні?
- Неліктен Астананың және Президенттің туған күні бір
күні өтеді?
-Астананың символы
болып нелер саналады ?
7. Астанада болып, оны тамашалаған балалар саяхат
өткізеді.
- Сен қай жерлерді тамашаладың?
-Кешкі Астананы көрдің бе?
- Астана ұнады ма? Нелерге өзгеше көңіл бөлдің, нелер
сені таңғалдырды? (әсемдігі, тазалығы, адамдардың мәдениеттілігі мен қалаға деген
сүйіспеншілігі).
4-тапсырма. Суретке қарап, Астана қаласы туралы диалог құрандар.
ІҮ. Бекіту. Астанаға деген көзқарастарынды, сенімдерінді өлең немесе
әссе ретінде жазыңдар.
Ең жақсы шығарма деген жұмысты авторлық стулға отырып
оқиды.
Ү.Үй
жұмысы.: Берілген сөйлемдерге тиісті септік жалғауларын қойып
жазу.