Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7
Cабақтың тақырыбы: Көктем. Сілтеу есімдігінің септелуі.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: Есімдік тақырыбын қайталау.
Дамытушылық: “Көктем” тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: табиғаттың сұлулығын түсінуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, бейнелеу өнері
Көрнекілігі: суреттер,карточкалар, тест тапсырмалары
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықтарын ояту
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
Бүгінгі көңіл- күйлерің қалайКезекшімен сөйлесу:
-Сыныпта кім кезекші?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
- Сыныпта кім жоқ?
Психологиялық дайындық:
Ойға толсын санамыз
Бестік болсын бағамыз
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
ІІ Жаңа сабақ
Өткен сабақтарда «есімдік» тақырыбын өттік.Осы тақырып бойынша алған білімдерімізді тексерейік.
-есімдік деген не?
-Есімдік құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара есімдік неше сөзден тұрады? Мысал келтіру.Күрделі есімдік ше? Мысал келтіру.
-Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Көктем.Грамматикалық тақырып: Сілтеу есімдігі.
Сабақтың мақсаты:
Презентация «Көктем
- «Көктем»дегенде, ойларыңа қандай сөздер келеді? (кластер)
Көктем
Осы сөздермен ауызша сөйлемдер құрастыру.
ІІІ. 1).Жаңа сөздермен танысу
Сөздік: жібиді-оттаивает
қатады-замерзает
сең-льдина
бүршіктер-почки
тіріледі-оживают
шаруа-хозяйство
жәндік-насекомое
төлдейді- приносит приплод
А) сөздерді дәптерге жазу
Ә) жаңа сөздерді хормен оқу
Г) сөздермен сөйлемдер құрастыру
2). Мәтінмен жұмыс: «Көктем»
Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде жер күндіз жібиді, кешке қатады. Өзендерде сең жүре бастайды. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады. Жыл құстары келе бастайды. Жер беті гүл-бәйшешекке бөленеді. Көктемде шаруа жұмыстары басталады.Көктемде егін, бақша егеді, малдар төлдейді, жәндіктер тіріледі. Адамдар жылы киімдерін тастап, жеңіл киімдер киеді.Көктем мезгілі сондай тамаша!
1.Мәтінді оқу ( мұғалімнің оқу үлгісі)
2.Мәтінді оқу (оқушылар)
3.Мәтінді аудару
4.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
5. « Көктем» тақырыбына диалог құрастыру
3).Тапсырмалар орындау:
1.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.
Осы мезгілден кейін көптен күткен көктем келеді (қыс). Мынау көктемде киетін киімдер. Анау тұрған көктемгі тақия ғой.
Сөйлемдердің ішінде не бар?
қазақ тілінде неше септік бар?
Сілтеу есімдіктерін септеу.
- Сурет бойынша көктемдегi табиғаттың өзгерiстерiн айтып берiңдер.
- Табиғаттың тамаша уақыты- көктем туралы бiлдiк, олай болса, ойын ойнап, жұмбақ шешiп көрелiк.
«Дұрыс па? Бұрыс па?» ойыны
1.Көктем айлары: наурыз, шілде, тамыз
2.Көктемде қар еріп, сай-салаға су толады.
3.Көктемде егін,бақша егеді, малдар төлдейді, құстар ұшып кетеді.
4.Күн жылы, түн әлі салқын болады.
5.Мал көк шөпке тойынады.
Жұмбақтар:
Бiрi құяды,
Бiрi жұтады.
(Жаңбыр мен жер)
Тұрғанымен жырақ өзi,
Таусылмайтын шырақ көзi.
(Күн)
Жыл мезгiлi шуақты,
Жердiң бетi нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өстi ырғалған.
(Көктем)
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бiрақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң-қорын тек,
Барша тiрлiк қурайды.
(Су)
Көктем келсе күлiмдеп,
Ол да шығар үлбiреп.
Көңiл мен көше сәнi ол
Ол не?
(Гүл)
-Көктемде табиғат қысқы ұйқысынан оянады. Адамдардың да көңілі көтеріңкі болады. Көктемде көп мерекелер тойланады.
Олар.... Соның ішінде «Наурыз мерекесі»
«Көктемді сағындым»
Шіркін, мынау көктем айы жақсы ғой! Күн жылынды. Айнала жасыл түске боянды.Әсіресе, Наурыз мерекесін тойлау қандай қызық!
Бізідің ауылымыз бұл мерекені асыға күтеді.Әр адам өзінің ұлттық киімдерін киеді. Бұл мезгілде ән айтып, би билейді. Қазақша күрес ұйымдастырады.арқан тартыс, жаяу жарыс, көкпар тарту, қыз қуу, ат шабыс сияқты неше түрлі ұлттық ойындар ойналады.
Тапсырмалар:
І деңгей.
Сілтеу есімдіктерін табыңдар.
Бекіту: шағын тест өткізу
Тест сұрақтары:
Бағалау.
Үйге тапсырма:
- Көктемнің күніндей жарқырап
Жүздеріңнен күлкі кетпей
Гүлдей жайнап жүре беріңдер, -деп бүгінгі
сабағымызды аяқтаймыз.
-Сау болыңдар! Сергіту Сәті Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – оң қолым,
Мынау – сол қолым,
Барлық істі атқарған.